Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Басты

Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ресми-қорында Сіздерді қарсы аламың!







 

 

 

 

 

 



 

КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 197, анықтама үшін телефон 8 (71536) 21426 телефоны, факс 8(71536) 21426, электрондық мекенжай: zh.bolatova@sko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

 1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ бас маман.

 Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4. Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

 Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, аудандағы жастар саясаты саласындағы «Қазақстан – 2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын орындау. Мемлекеттік егемендікті нығайту бойынша мемлекеттік саясатты, қоғамдық үрдістерді және қоғамдық шоғырландыруды, демократизациялауды, ауданда гендерлік саясатты іске асырды аудандық газеттерде ақпараттық жариялауды жүргізу. Ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және Қазақстан Республикасындағы басқада мерекелерді дайындауды және өткізуді саяси қамтамасыз ету, қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу. Діни бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен (басқарушы емес ұйымдармен, этномәдени бірлестіктермен, балалар мен жастар ұйымдарымен, кәсіподақтармен) өзара іс-әрекетті тұрақты ұйымдастыру.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

 Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «білім» немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «құқық», немесе «әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» бейіні бойынша.

 Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі немесе техникалық және кәсіптік білімдері: «білім» немесе «құқық», немесе «сервис, экономика және басқару» (аудару ісі (салалар бойынша), іс жүргізу және мұрағаттану (салалар және қолдану аумағы бойынша), маркетинг (салалар бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аумағы бойынша), қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша) бейіні бойынша рұқсат етіледі.

 Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен кеткен тұлғалар, шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен қатысуға құқылы.

Жоғарыда аталған тұлғалар келесі құжаттар тапсырады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

Қолма қол немесе пошта бойынша толық құжаттар пакетін ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссия хатшысы осы Ережелердің 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.

 Құжаттардың толық пакетiн электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жергілікті атқарушы органдардың, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі аппараты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

 Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның қызметшілері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе басқару қызметінің шешiмiне шағымдана алады.
 
ӘРБІР ТЕЛЕФОНДЫҚ ЛАҢКЕС ЖАЗАЛАНАТЫН БОЛАДЫ!
 
ҚР ҚК 273-БАБЫ. ТЕРРОРИЗМ АКТIСI ТУРАЛЫ КӨРIНЕУ ЖАЛҒАН ХАБАРЛАУ
 
бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады

Лжетерроризм

QazVac вакцинасы еліміздің өңірлеріне жеткізіле бастады. Барлық азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!
https://twitter.com/TokayevKZ/status/1385461524752441344

 

Хабарландыру

2020 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялады.

Гранттар беру конкурсы гранттық қаржыландыру саласындағы оператор — «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-мен «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына және «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.

Гранттар беру конкурсына өтінімдер 2021 жылдың 20 қантары күнгі сағат 18.30-ге дейін қабылданады. Ол үшін https://cisc.kz/2020/12/28/memlekettik-emes-%d2%b1jymdar%d2%93a-memlekettik-granttardy-beruge-arnal%d2%93an-konkurs-zhariyalanady-3 немесе https://cisc.kz/ru/category/obyavlenie-o-grantah/ сілтеме бойынша өту қажет.

 

 

2020 ж. 21.10. Мемлекет басшысының ҚР Парламентi Мәжiлiсi және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуi
https://www.akorda.kz/kz/speeches/internal_political_affairs/in_speeches_and_addresses/memleket-basshysynyn-kr-parlamenti-mazhilisi-zhane-maslihat-deputattary-sailauyn-tagaiyndau-turaly-undeui

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша жүру бағытын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы» жоба (ZIP 34 Kb)

Қосымша (ZIP 38 Kb)

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша жүру бағытын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының жобасына пресс-релиз (ZIP 38 Kb)

 

 

Тайынша ауданы бойынша азаматтық сектормен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғаны қабылдау кестесі

Фото Лауазымы А.Ә.Ж. Мемлекеттік органның атауы Қабылдау күндері/сағаты Байланыс деректері
1. Жанар Ермекқызы Алданазарова Жанар Ермекқызы Алданазарова — Тайынша ауданы әлеуметтік мәселелер жөніндегі Тайынша ауданы әкімінің орынбасары   Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты   Апта сайын
бейсенбі сағ. 10.00-ден 13.00-ге дейін  
erbol_508@mail.ru 8(71536) 21486  
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz