«Отандастар қоры Дүниежүзi қазақтарының V құрылтайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен құрылды.
Қордың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi Бiрыңғай байланыс орталығын құрып, сол арқылы көшi-қон және құқықтық мәселер бойынша кеңес берудi жүзеге асыру
Бiрыңғай байланыс орталық:
- Виза алу туралы ақпарат;
- Қазақстанда өткiзiлетiн мәдени, ұлттық, спорттық iс-шаралар туралы мәлiмет;
- Туристер үшiн Қазақстан, оның тарихи, көркем табиғаты, курорттық аймақтар туралы мәлiметтер;
- Қазақстанда туыстарына уақытша тұру тәртiбiн түсiндiру;
- көшi-қон картасын тiркеу, оралман мәртебесiн алу, тұруға ықтиярхат, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртiбi;
- Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасы, мүгедектiгi туралы, үкiметтiң көпбалалы отбасыларға берiлетiн жеңiлдiктер туралы ақпараттары;
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына, бiлiм беру мекемелерiне оқуға түсуге ниет бiлдiрген жастарға, емтихан тапсырудың тәртiбi мен мерзiмдерi туралы ақпарат беру;
- Оралмандарға арналған оқу квотасы туралы сенiмдi ақпарат беру.
Орталыққа көрсетiлген нөмiрлер бойынша хабарласа аласыз:
1404 (барлық қазақстандық мобилдi операторлар үшiн тегiн)
8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшiн тегiн)
+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшiн тегiн , халықаралық қоңыраулар үшiн шетелдiк операторлар белгiлеген ставкамен)
8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшiн)
E-mail: komek@oq.gov.kz
Skype: komek@oq.gov.kz
10.09.2019
Қаралым саны: 1228
Қаралым саны: 1228