«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ, 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Центральный тұйық көшесі 2, анықтама үшін телефон: 8 (71536) 21745, электрондық мекен-жайы: 1ovp1@mail.ru бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры. Азаматтық қызметшінің А-3 санаты. Лауазымдық жалақы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 90785 теңгеден 110075 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастыру және оған басшылық жасау, басқару органына тікелей бағыну және коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болу. Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіру. Келісім-шарттар жасасу. Сенімхат беру. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекіту. Банк шоттарын ашу. Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолдану және тәртіптік жаза қолдану. Өз орынбасарының (орынбасарларының) және коммуналдық мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындау. Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін дербес жауапты болуы. Жеке және заңды тұлғалардың азаматтарын қабылдауды жүргізу, электрондық құжат айналымы (Интегро) жүйесінде жұмыс істеу дағдыларын меңгеру. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін оның қызметін жүзеге асыру жөніндегі жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жарғымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары білімінің болуы: «гуманитарлық ғылымдар», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «білім», немесе «Құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес».

Мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Конкурс мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттаудан өткізу, сондай-ақ оның кандидатурасын 2015 жылғы 4 наурыздағы № 10379 келісу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам судья бола алмайды;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткен соң аяқталады.

Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған, сондай-ақ адам осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және 10 күнтізбелік күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде шағымдана алады.

29.04.2022
Қаралым саны: 221
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz