2018 жылдың күзiнен бастап елiмiзде цифрлық эфирлiк телевизияға (ЦЭТВ) көшу жүрiп жатыр. 2019 жылдың маусымында аналогтық хабар тарату Қостанай, Павлодар және Алматы облыстарында өшiрiледi. Ал 2021 жылы республиканың бүкiл аумағы жаңа әрi тегiн цифрлық форматқа көшедi.
Яғни, тiптi ең шалғай орналасқан ауылдың тұрғындары әдеттегi 4-5 арнаның орнына жаңа 15 шақты қазақстандық арнаны цифрлық сападакөре алады деген сөз. Ал облыс орталықтары мен республикалық маңыздағы қалаларда 30 телеарнаға дейiн көрсетiлетiн болады.
Бұл үшiн республикада қазiрдiң өзiнде жоспарланған 827 радиотелевизиялық станцияның 446-сы салынып бiттi. Халықтың 83 пайызы цифрлық хабар таратумен қамтылды.
Телевизияның жаңа стандартына көшу туралы «Женева 2006» халықаралық келiсiмiне 100-ден астам ел қол қойған. Қазақстан да — солардың қатарында. Ескi аналогты жабдық «цифрда» жұмыс iстеуге жарамайды. Ал қосалқы бөлшектерi болса да жоқ. «Аналогтың» сигналы жiберу барысында көп кедергiлерге ұшырайды: бұл ескi хабар таратудың басты кемшiлiгi.. Сонымен қатар, аналогта бiр жиiлiкте сигналдың бiр таратқышы болса, цифрда бiр жиiлiкте 15 телеарнаға дейiн хабар таратады.
Көрермен сүйiп көретiн «Балапан» және «Kazsport» арналарын ендi кез келген ауыл тұрғыны көре алады. Халықаралық талаптарға сәйкес келетiн сапалы телевизиялық контент қала мен ауыл тұрғындарына бiрдей дәрежеде қолжетiмдi.
Бұл үшiн 25000-30000 теңге қаражат кететiн қымбат жерсерiктiк тәрелке орнатудың қажетi жоқ. Арналар үшiн кабельдiк операторға ақша төлемейсiз.
Ал шекара маңындағы аумақтарда өмiр сүрiп, көршiлес елдердiң телевизиясын қарауға мәжбүр болған тұрғындар ендi отандық телеарналарды таңдап, елдегi лицензиясыз арналардан бiржола бас тарта алады.
Цифрлық телевизияға көшуге дайындық республикада «OTAU TV» ұлттық жерсерiктiк желiсi iске қосылған 2011 жылы басталған. Келесi кезең цифрлық хабар таратуды DVB-Т2 еуропалық стандарты негiзiнде, хабар тарату көлемiн ұлғайта әрi жиiлiктiк ресурстарды үнемдей отырып, дамыту болды.
Жаңа «цифрға» қосылу үшiн қабылдағыш керек немесе теледидарыңыз 2013 жылғыдан ескi болмауы тиiс. Осыдан кейiн жаңа желiге теледидарды бала да қоса алады.
Әлбетте, тұрмысы нашар отбасыларды тегiн қабылдағышпен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттiк көмек туралы да айта кеткенiмiз жөн. Олар тегiн қабылдағыштарды жергiлiктi әкiмдiктерден ала алады.
Өткен жылдың күзiнде Маңғыстау, Жамбыл және Түркiстан облыстары аналогтық желiнi өшiрiп, цифрлық хабар таратуға көштi.
Қаралым саны: 1221