2022-202420212020201920182017201620152014201320122011 жылғы мақалалар
- 01.11.2022 | ПРЕСС-РЕЛИЗ
- 10.10.2022 | Қазақстан балаларына, жастарына және олардың ата-аналарына психологиялық
- 29.09.2022 | Президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптар мен құжаттар
- 19.09.2022 | Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі туралы
- 14.09.2022 | МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
- 14.09.2022 | Мемлекет басшысы Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль Ислам Аллашүкір Паша-Задені қабылдады
- 14.09.2022 | Мемлекет басшысы «CLAAS Group» компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзерді қабылдады
- 14.09.2022 | Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады
- 12.05.2022 | «Мерейлi отбасы-2022» Ұлттық конкурс туралы хабарлама
- 29.04.2022 | «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды
- 29.04.2022 | «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды
- 29.03.2022 | Жаңа Қазақстан
- 26.01.2022 | Бас прокуратура: әр жағдай бойынша өлімнің себептері толық зерделенуде
- 26.01.2022 | Еліміздің барлық өңірлерінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне жедел ден қою бойынша мобильді топтар ұйымдастырылды
- 26.01.2022 | Бас прокуратура: құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне жасалған шағымдардың әрқайсысы мұқият қаралады және қайта тексеріледі
- 26.01.2022 | Сотпен әкімшілік қаумауға алынған 3 314 тұлғаның ішінен тек 63-і қамауда қалуда
- 26.01.2022 | Бас прокуратура: қаңтар оқиғаларына байланысты әкімшілік істердің жартысын соттар ешқандай жаза қолданбай қарады
- 26.01.2022 | ІІМ азаматтарды тергеу процедураларына түсіністікпен қарауға шақырады
- 26.01.2022 | Терроризмге қарсы операция: ұрланған қарудың 515 бірлігі табылып, тәркіленді
- 26.01.2022 | Медицина қызметкерлерінің ұсынымдары бойынша денсаулық жағдайына байланысты бірқатар күдіктілерге қатысты бұлтартпау шараларын өзгерту мәселелері қарастырылуда – ІІМ
- 26.01.2022 | ІІМ және прокуратура органдары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану және билікті асыра пайдалану фактілерінің жолын кесуде
- 26.01.2022 | Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамның құқықтары мен бостандықтарының заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі барлық шаралар сақталады – ІІМ
- 26.01.2022 | ІІМ: қылмыстық істер бойынша арызданған залалдың алдын ала жалпы сомасы 87 млрд теңгеден асты
- 26.01.2022 | Қылмыстардың 70% жуығын сауда объектілерінен жасалған ұрлық туралы істер құрайды
- 26.01.2022 | Қаңтар оқиғасы кезінде 1,5 мыңға жуық ғимараттар мен үй-жайлар зардап шекті
Мінсіз беделді мемлекеттік қызметшілер
Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кірген кезде өзінің мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға дайын екендігі туралы ант қабылдайды. Мемлекеттік қызмет қоғам мүддесіне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауды нығайтуға ықпал етуге міндеттейді.
Мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмірі оның кәсіби қызметімен тығыз байланысты. Рухани мәдениет пен білім, алған тәрбие адамның тұлғалық болмысын құрап, нәтижесінде оның іс-әрекетіне ықпал етеді.
Мемлекеттік қызметші азаматтардың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы керек және жүктелген міндеттемелерді адал орындауды өз міндеті деп санауы тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға және басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде: меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиіс.
Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі - қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу болып саналады.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану деген алты қағидатқа негізделеді.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметишілерге олардың қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмауға міндетті. Оның парасаттылық және адалдық сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып өз ұйымының беделін түсірмеуі қажет екендігін көрсететін әрекеттері, қылықтары және жүрісі мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі, үлгілі мінез-құлқы-ізеттілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындау әрбір қызметкердің қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті болып табылады.
Қызметтік әдеп стандарттарының бірі - қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну.
Құмар ойындарға шамадан тыс әуестік мемлекеттік қызметшілерді басқа заңсыз табыс көздерін (сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беру және басқа да оңай ақша табуға бағытталған әрекеттерге бару) іздеуге итермелеуі мүмкін.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 2 қарашадағы №396 Жарлығымен Әдеп кодексіне тиісті өзгерістер енгізіліп, оған сәйкес мемлекетік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне баруға тыйым салынды.
Ата-бабаларымыз ар-абыройды баға жетпес құндылыққа балаған. «Пайда ойлама, ар ойла», «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық...» деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, адам үшін ар-ұждан бәрінен қымбат, бәрінен биік. Хакім Абайдың ақыл сөздерін әрбір мемлекеттік қызметші көкейіне құйып, өмірлік ұстанымына айналдыруға тиіс.
Мінсіз беделі бар мемлекеттік қызметшілер туралы тақырыпты қозғай отырып, мемлекеттік қызметшілердің абсолютті көпшілігінің өздеріне жүктелген міндеттерге адал қарым-қатынасы және олардың орындалуына жауаптылығы туралы атап өткім келеді.
Бізде өздерінің адал еңбектерімен жас ұрпақ үшін мінсіздіктің үлгісі болып табылатын көптеген мемлекеттік қызметшілер бар. Мен тек солардың кейбіріне тоқтала кетейін.
Қазбекова Гүлден Есімқызы, 1963 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында дүниеге келген. 1985 жылы педагогикалық институтты тамамдаған. Еңбек жолын Жамбыл ауданы Баян орта мектебінде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2005 жылғы маусымнан бастап мемлекеттік қызметші болып табылады. Осы 19 жыл бойы бір мемлекеттік органда жұмыс істеп келеді, оның атауы әр жылдары әр түрлі болып өзгеріп отырды, қазір - СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасының бас маманы болып табылады. Өзінің адал еңбегі мен мінсіз беделі үшін бірнеше рет облыстың Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің, Мамлют ауданы әкімінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапатталған. Қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының офицерлері болып табылатын, аталған органдардың Орталық құрылымдарында жауапты лауазымдарды атқаратын және өз қызметін абыроймен атқарып жүрген қызы Алтын мен ұлы Дәулетті тәрбиеледі.
Ереженова Елена Федоровна, 1963 жылы Атырау қаласында дүниеге келген (ол кезде Гурьев), Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі, ҚазМЗА - юриспруденция бакалавры мамандығы бойынша тамамдаған. 2003 жылдан бастап мемлекеттік қызметте: Петропавл қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы, Петропавл қаласы әкімі аппаратының бөлім бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің м.а. және қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму бөлімінің бас инспекторы. Көп жылғы мінсіз және адал еңбегі үшін бірнеше рет облыс әкімінің, Петропавл қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды.
Сұлтан Ернияз Рыскелдіұлы, 1982 жылы СҚО Шал ақын ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімі» мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 2005 жылы Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектеп-интернатында қазақ тілі мұғалімі болып бастаған. 2008 жылғы мамырдан бастап мемлекеттік қызметте. 15 жылдан астам уақыт бойы облыс әкімдігінің бір басқармасында жұмыс істейді, Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы болып табылады. Өзінің мінсіз қызметі барысында Тіл саясаты комитетінің Алғыс хатымен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Байтеміров Азамат Сұлтанұлы, 1980 жылы Петропавл қаласында дүниеге келген, білімі жоғары математикалық, жоғары заңгерлік. Еңбек жолын 2001 жылы өңірлік Жаңа технологиялар және білім беру орталығының маманы болып бастады, кейін білім департаментінің жетекші маманы, облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы болып қызмет етті. 2021 жылдан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы» КММ басшысы.
Аталған мемлекеттік қызметшілердің жалпы сипаттамалары олардың мінсіз беделі, адалдығы, жоғары кәсібилігі мен сауаттылығы, әріптестерімен және азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылығы мен жауаптылығы болып табылады. Оларды жариялау үшін таңдағанда, мен Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде жеке бақылауды ғана емес, сонымен қатар әріптестерімнің пікіріне сүйендім.
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімі аппаратының
әдеп жөніндегі уәкілі С.Серікбаев
12.12.2023
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 414 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихаты шешімінің жобасына баспасөз релизі
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 414 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы нормативтік құқықтық акт шығыстарды ұлғайтуды және жергілікті бюджеттен түсетін түсімдерді ұлғайтуды көздемейді. Реттеуші әсерге талдау жүргізу талап етілмейді.
2023 жылғы 12 желтоқсаннан 27 желтоқсанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында жария талқылауда болды, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14846314.
Ішкі саясат
бөлімінің басшысы А. Мұхаметғалиева
22.06.2023
15.06.2023
12.06.2023
Мақаланы құрған күні 26.03.2018 10:54
Мақаланы жаңартқан күні 26.03.2018 10:54