2021 жылы 4 наурыз
Интернет ресурсында
орналастырылды
КММ «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» 151000, Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi 197, анықтама үшiн телефон 8 (71536) 21426 телефоны, факс 8(71536) 21426, электрондық мекенжай: zh.bolatova@sko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк төменгi лауазымдарына орналасу үшiн жалпы конкурс жариялайды:
1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмi» КММ бас маман. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты E-R-4. Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 95210 теңгеден 128834 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi:
Президенттiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн, аудандағы жастар саясаты саласындағы «Қазақстан-2020: болашаққа жол» 2020 жылға дейiнгi Мемлекеттiк жастар саясатының тұжырымдамасын орындау.
Мемлекеттiк егемендiктi нығайту бойынша мемлекеттiк саясатты, қоғамдық үрдiстердi және қоғамдық шоғырландыруды, демократизациялауды, ауданда гендерлiк саясатты iске асырды аудандық газеттерде ақпараттық жариялауды жүргiзу.
Ұлттық, мемлекеттiк, кәсiптiк және Қазақстан Республикасындағы басқада мерекелердi дайындауды және өткiзудi саяси қамтамасыз ету, қоғамдық-саяси iс-шараларды ұйымдастыруға қатысу.
Дiни бiрлестiктермен, саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен (басқарушы емес ұйымдармен, этномәдени бiрлестiктермен, балалар мен жастар ұйымдарымен, кәсiподақтармен) өзара iс-әрекеттi тұрақты ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм: «бiлiм» немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «құқық», немесе «әлеуметтiк ғылым, экономика және бизнес» бейiнi бойынша.
Мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда ортадан кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк: «бiлiм» немесе «құқық», немесе «сервис, экономика және басқару» (аудару iсi (салалар бойынша), iс жүргiзу және мұрағаттану (салалар және қолдану аумағы бойынша), маркетинг (салалар бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аумағы бойынша), қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша) бейiнi бойынша рұқсат етiледi.
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.
Жоғары немесе жоғарыдан кейiнгi бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негiзiнде өткiзiледi.
Конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келiсiм) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келiсiм) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi;
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.
Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетiлген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.
«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурсқа мемлекеттiк қызметшiлер, сонымен қатар терiс себептермен немесе олардың қызметiн бағалау, сынақ мерзiмiнiң не аттестаттау қорытындыларының нәтижелерi бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен кеткен тұлғалар, шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде, егер ол өзге жеке және мемлекеттiк органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестiлеуден өтпестен қатысуға құқылы.
Жоғарыда аталған тұлғалар келесi құжаттар тапсырады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжат тапсырғанға дейiн бiр айдан аспайтын уақытта расталған қызметтiк тiзiм;
Қолма қол немесе пошта бойынша толық құжаттар пакетiн ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссия хатшысы осы Ережелердiң 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат бередi.
Құжаттардың толық пакетiн электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жергiлiктi атқарушы органдардың, Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкiмi аппараты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеленiп, 7 жұмыс күннiң iшiнде тапсырылуы тиiс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық поштасы арқылы берiлген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.
Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретiнде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органның қызметшiлерi қатыса алады.
Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе басқару қызметiнiң шешiмiне шағымдана алады.
Қаралым саны: 844